Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с.
Қарағанды облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 18 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыс желі найзағай кезінде екпіні 17-22, кей уақытта 25 м/с.
Алматыда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыс желі найзағай кезінде екпіні 17 м/с.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с сақталады.
Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
Павлодар облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.