Агенттік қаржы пирамидаларының тізімін жариялады

Жыл басынан бері 22 қаржы пирамидасы анықталған.

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Енді өз қаражатын инвестициялауға бел буған әрбір азамат компанияның сенімділігін ҚНРДА реестрінен ғана емес, сонымен қатар осы тізімнен тексере алады.

Айта кету керек, Агенттік биыл жыл басынан бері 22 қаржы пирамидасын анықтаған. Кибербақылау жүйесінде 4000-ға жуық сайт пен аккаунт бұғатталды. Алдын алу жұмыстары аясында әлеуметтік желі қолданушыларына ескертулер жіберу нәтижесінде бүгінде 52 мың желі пайдаланушысы қаржылық пирамида белгілері бар контентке жазылудан бас тартты.

Еске салайық, қаражатты инвестициялау кезінде азаматтар белгілі бір компанияда қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін ҚМА телеграм ботын пайдалана алады. Жыл басынан бері қызметке 3511 өтініш түскен.

Қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына хабарласыңыз.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан қаржы пирамидасы жобаларының тізімі:

  1. QUASAR
  2. Chia Tai Tiahging 
  3. Chia Tai Tianqinq Pharmaceutical Group
  4. Q-net
  5. Incruises
  6. QazHome
  7. «Life is good» LTD, ПК «Best way» холдингіне кіретін «Hermes management LTD»
  8. Sincere Systems 
  9. ЖК-ОTAU KZ
  10. LUXERY
  11. World Business Consulting
  12. GAP
  13. ТОО «Upgrade-AS»
  14. ПК «UBW.kz»
  15. «Antares Trade»,«Antares Limited»
  16. Sincere Systems 
  17. Innova Gold
  18. ТОО «IG Group KZ»
  19. Тhe Great Tower
  20. B2B Jewerty
  21. ТОО «Семейный Капитал»
  22. Robotice
  23. BestRoadInvestment
  24. TheFiniko
  25. ТОО «Финстатус» и ТОО «ПрофитГруп»
  26. «AYBA-Жанўя» ЖШС

Тергеу аяқталды (сотта қаралуда)

  1. World Business Consulting
  2. ПК «UBW.kz"
  3. «Antares Limited»,  «Антерес Трейд» 
  4. Sincere Systems
  5. Innova Gold
  6. ЖК-OTAU KZ

Сот үкімі шыққан қаржы пирамидаларының тізімі

ҚП атауы Үкім шығу мерзімі

  1. LV Force 30.09.2022
  2. Unique Finance 24.05.2021
  3. B2B Jewerly 28.10.2021
  4. Caspian Cocus 03.11.2022
  5. World Business Consulting 31.03.2022
  6. Finiko 17.03.2023
  7. Investment Consulting Agency 05.07.2022
  8. Eden life, MMK Investment 02.03.2023
  9. Шаңырақ+ (ТОО Best Road Investment) 30.12.2022
  10. River Coins Limited 28.09.2022
  11. Денежный поток 11.05.2021
  12. Великое будущее 18.10.2021
  13. Нұр-жиһаз 16.08.2022
  14. Лидер Капитал 168 28.09.2022
  15. Нарымбетова 14.09.2022
  16. Нарымбетова 15.12.2022
  17. ПК Ата-мекен 2021 01.02.2023
  18. Айналым 30%, 3 күнде 30%, Асыл инвест 28.12.2021
  19. ПК GAP 06.10.2022
  20. Табыс 15.04.2022
  21. Котел 03.11.2021
  22. Раушан касса 09.07.2020
  23. «4 кун 70%, 5 кун 70%», «Bay Life», «Бронь», «Bay Life чеки», «Айналым», «Вип чат» 08.07.2022
  24. Q-net 31.03.2023
  25. «Hermes management LTD» 28.03.2023