Семейде 1-шағынауданда бес қабатты үйдің 4-қабатынан кішкентай бала құлады. Куәгерлердің айтуынша, бала терезедегі тормен бірге жерге құлаған. Бұл туралы Aikyn.kz сайты obvk.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға орнына жедел жәрдем, полицейлер шұғыл жеткен.
Ауыр жарақат алған баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізді.
Бұған дейін Жетісуда жоғалып кеткен 3 жасар баланың мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз.
Фото: obvk.kz