Ташкентте танымал өзбекстандық семсерлесуші, халықаралық кластағы судья Аида Хасенова пластикалық отадан кейін қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengri Sport.
39 жастағы спортшының жағдайы 23 мамырда қиындап кеткен. Ол дәрігерлердің шешімі бойынша басқа ауруханаға ауысқан, алайда сол күні кешке жансақтау бөлімінде қайтыс болған.
Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған. Бүгінде прокуратура тергеуалды тексеріс жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, Аида Хасенова 1983 жылы Ташкентте туған. Ол Өзбекстанның бірнеше дүркін чемпионы, 2001-2006 жылдардағы Орта Азия чемпионы, 2005 жылы Англияда өткен халықаралық турнирдің алтын жүлдегері.