Полицейлердің мәліметінше, 2023 жылғы 25 мамырда СҚО Аққайың аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Аққайың ауданы Дайындық және Ленинское ауылдарының арасында 31 жастағы ер адамның мәйіті табылғандығы туралы телефон арқылы хабарлама түскен.
Ол мал бағушы ретінде жұмысқа орналасып, жайылымда мал бағып жүрген.
"Ер адамға найзағай түскені анықталды," – делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Салдарынан ол атымен қоса сол жерде қаза тапқан.
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.