Алматының бірқатар шағынаудандарында сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты суық су жергілікті түрде ажыратылатын болады.
«30 мамыр күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қаладағы "Орбита-1, 2, 3, 4", "Таугүл - 1, 2", "Мамыр-1, 4, 5, 6, 7", "Алмас", "Атамекен", "Қуаныш", "Достық" шағынаудандары мен М.Кәрім, Цветочная, Ықылас, Тойбастар, Тайбұрыл, Пролетарская көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша шектеледі», –делінген суға жауапты мекеме таратқан мәлімдемеде.