26 мамырда әйел көйлегін киген ер адам Павлодардағы №43 мектептің қоршауынан аулада ойнап жүрген балаларды сырттай бақылап тұрған, – деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы Павлодар Жалобы парақшасында жарияланды.
Сағат 16.35-те мектеп маңында біртүрлі адам жүр делінген ақпаратта. Жазба авторының айтуынша, ол полицияға хабарласуға тырысқанымен, бірақ желі үнемі бос болмапты.
"2023 жылы 25 мамырда сағат 17:45 шамасында Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері №43 орта мектептің жанынан 1970 жылғы ер адамды ұстады. Ол Павлодар қаласында тұрады. Оның жеке басы анықталды. Ер адам полицияның учаскелік пунктіне жеткізілді", – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.