Басылым мәліметінше, қан компоненттерін құю процесі Даллас қаласындағы жекеменшік ауруханада өткен. Бірнеше сағаттың көлемінде 17 жастағы Талмейджейден 1 литр қан алынған. Кейін оны плазмаға айналдырып, Брайан Джонсонға құйған.
Джонсон үшін плазма құю процесі қалыпты жағдай екен. Себебі миллиардер бұған дейін анонимді донордан плазма алып құйғызған. Мәлім болғандай қан құймай тұрып белгісіз жасөспірімді толыққанды тексерген.
Bloomberg басылымы Джонсонның медициналық командасы жасару үшін қан құю процесін жүзеге асыруды мақұлдаған. Дегенмен бұл әдістің адам ағзасына қаншалықты оң әсер ететіні нақтыланбаған. Қан плазмасын құю Паркинсон мен Альцгеймер ауруының алдын алу үшін жүргізіледі.