Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 27 мамырда Ырғыз ауданы Құрылыс ауылында болған.
Екі баланың Ырғыз өзеніне батып кеткені туралы ақпарат құтқарушыларға сағат 16:45-те түскен. Балалар бұзау іздеп үйден шығып, қайтып оралмаған. Сағат 18:30-да олардың бірінің денесі судан шығарылды, екіншісі әлі іздестіріліп жатыр. Ұлдардың екеуі де 12 жаста.
Құтқарушылар, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сүңгуірлер мен жергілікті тұрғындар екінші баланы іздеп жатыр.