Алматы тауларында үш турист құтқарылды

Туристердің біріне құтқарушы-медбике алғашқы медициналық көмек көрсетті

Алматы тауларында "Три брата" шыңына шығып алған үш ер адам қатты жаңбырға байланысты қайта төменге түсе алмай, көмекке жүгінген.

28 мамырда кешкі 19:49-да ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне, Алматы қаласы ТЖД-дан "Три Брата" шыңы ауданында үш ер адамның жаңбырдың астында қалып қойып, үстілері су болып, олардың бірі өзін нашар сезіне бастағаны туралы хабарлама келіп түскен.

"8 адамнан тұратын РЖҚЖ  құтқару тобы жедел түрде оларды іздеу үшін жолға шықты.  Сағат 22:58-де құтқарушылар Көк-Жайлау ауданынан екі туристті тауып, РЖҚЖ жедел көлігіне жеткізді, үшінші адам биіктен өз бетінше түскен. 1986 ,1998, 1982 жылғы үш ер адам құтқарылды.Туристердің біріне құтқарушы-медбике алғашқы медициналық көмек көрсетті, ол суықтап әрі аяғын жаралап алған екен",– деп хабарлады ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі.