Павлодар облысында 5 жасар қыз кір жуатын машинаға кептеліп қалды

Қазір баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқыс оқиға Павлодар облысы Тереңкөл ауылында болған.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 11-14-те Тереңкөл ауылында бала кір жуғыш машинаға кептеліп қалғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына №8 өрт сөндіру бөлімінің 3 қызметкері барып, арнайы құралдардың көмегімен баланы алып шыққаны нақтыланады.

Қазір баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.