Қырғызстаннан Қазақстанға героин алып өтпек болған әйел ұсталды

Жеке тексеру барысында оның бойынан жалпы салмағы 700 граммға жуық «героин» есірткі заты табылды.

Жамбыл облысының Шекара қызметінің қызметкерлері Қырғызстаннан елімізге бір келіге жуық героин алып өтпек болған әйелді ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.

 

«31 мамырда шекарашылар Жамбыл облысы бойынша департаменті полиция органдарымен бірге Қырғызстаннан Қазақстанға бет алған қазақстандық азаматшаны ұстады. Жеке тексеру барысында оның бойынан жалпы салмағы 700 граммға жуық «героин» есірткі заты табылды», – делінген хабарламада.

Күдікті әйел тәркіленген затымен бірге процессуалдық шешім қабылдау үшін Жамбыл облысы Полиция департаментіне тапсырылды.

Фото: stan.kz