Үлбінің жағасынан екінші мәйіт табылды

Осыдан үш күн бұрын осы Үлбі өзенінің жағасынан 19 жастағы жігіттің денесі табылған болатын. Енді жасөспірімнің денесі табылды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2 маусым күні Өскемендегі Протозанов көшесінің бойындағы Үлбі өзенінің жағасынан жасөспірімнің мәйіті табылған.

«Хабар түсе салысымен полиция қызметкердері сол жерге келіп жетті. Қазіргі уақытта 14 жастағы баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық мән-жай анықталуда», - делінген ақпаратта.

Тиісті сараптамалар тағайындалған. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, жасөспірім суицид жасауы мүмкін.