100 метрді он секундтан аз уақытта жүгіріп өткен Олимпиада чемпионы көз жұмды

Бұрынғы спортшы 77 жасында көз жұмған.

100 метрге жүгіруден Олимпиада чемпионы Джим Хайнс қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады. 

Бұрынғы спортшы 77 жасында көз жұмған. Джим Хайнс 100 метр қашықтықты он секундтан аз уақыт ішінде жүгіріп өткен алғашқы жеңіл атлет.

Ол 1968 жылы өткен Олимпиада ойындарында 100 метрді 9,95 секундта жүгіріп өтіп, алтын медаль иегері атанған еді. Хайнс орнатқан әлемдік рекорд 15 жылға жуық уақыт бұзылған жоқ.

Қазіргі таңда бұл қашықтықтағы рекорд ямайкалық спринтер Усейн Болтқа тиесілі. Оның көрсеткіші - 9,58 секунд.

Джим Хайнс 1968 жылғы Олимпиада ойындарында эстафетадан тағы бір алтын иеленген.