«Таиландта тапсырыспен адам өлтірмек болған Қазақстан азаматы ұсталды»: СІМ мәлімдеме жасады

Мәліметке сәйкес, ол Пхукет аралында тапсырыспен Ресей азаматын өлтіруге оқталған.

Қазақстан азаматы Таиландта адам өлтірмек болғаны үшін ұсталды деген ақпаратқа қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімет күтіп отыр, – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Кейбір БАҚ беттерінде Таиландта қазақстандық азаматтың ұсталғаны хабарланды. Мәліметке сәйкес, ол Пхукет аралында тапсырыспен Ресей азаматын өлтіруге оқталған.

ҚазАқпарат тілшісі мәселенің мән-жайын анықтау үшін ҚР Сыртқы істер министрлігіне жүгінді.

«Таиланд тарапынан әлі ресми ақпарат жоқ. Күтіп отырмыз», – деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.