Димаш Құдайбергеннің атасы қайтыс болды

Әнші Димаш Құдайбергеннің атасы өмірден өтті.

Әнші Димаш Құдайбергеннің атасы қайтыс болды. Бұл туралы «Түркістан» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы Facebook  парақшасында жазды.  

«Қазақты күллі әлемге танытқан Димаштың атасы, қадірлі ақсақалымыз Құдайберген аға дүниеден озды. Алла алдынан жарылқағай..», – деп жазды Бауыржан Бабажанұлы.