ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев қайтыс болды.
«ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Дүйсебайұлы Мұратәлиевтің (02.01.1975-13.06.2023) ұзақ науқастан кейін қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен отбасына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Бұл орны толмас қазада қайғыларына шын жүректен ортақтастығымызды білдіргіміз келеді. Бұл – бәріміз үшін мезгілсіз келген қайғы, өкініш... Жандос Дүйсебайұлы біздер үшін тек әріптес қана емес, ол адал, үлгілі әке, мейірімді жан, ақылшы дос болды. Үлкен жүректі, жаны жайсаң азамат еді. Алла оның жанына тыныштық беріп, жәннатта етсін! Ішкі істер органына сіңірген зор еңбегі жадымызда мәңгі сақталады…», – делінген комитет хабарламасында.
Фото: gov.kz