Александр Недовесов Нидерландтағы турнирдің финалында жеңіліп қалды

Хертогенбос додасында финалға дейін жетуі нәтижесінде қазір А.Недовесов ATP Live рейтингісінде 59-дан 53-орынға көтеріліп тұр.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Хертогенбос (Нидерланд) ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге соңғы бәсекеде жарыстың 1-ракеткалары, әлемдік рейтинг көшбасшылары, нидерландтық Уэсли Колхоф ұлыбританиялық Нил Скупскимен бас жүлдені сарапқа салды.

Аталмыш матчта нидерландтық-ұлыбританиялық жұп 7:6 (7:1), 6;2 есебімен жеңіске жетті.