Қош бол, әкетай! – Димаш марқұм атасына арнап жазба жариялады

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген атасының қазасынан кейін Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, суреттер жүктеді.

Димаш Құдайберген ата-әжесінің қолында өскен, сол себепті атасын "әке" деп атайды. Ол атасына рухани тәлімі үшін алғыс айтты.

"Рахмет, папа… Маған берген қанаттарың үшін, маған көкке қалай көтеріліп, көкжиегімді кеңейтуді үйреткенің үшін, 100 мектеп бере алмайтын рухани тәлімің үшін… Саған деген алғысымды сөзбен жеткізе алмаспын. Айтқандарымнан айтып үлгермегендерім көп. Қош бол, әкетай! Мәңгі жүректесің! Жаның жұмақтан орын тапсын. Сенің кенжетайың… Барлық көңіл айтып жатқан ағайындарға Алла разы болсын! Отбасыларыңызда қайғы-мұң болмасын…", – деп жазды әнші.