Шавкат Рахмоновтың UFC турниріндегі келесі қарсыласы анықталды

Соңғы жекпе-жекте Шавкат Джефф Нилді қылқындыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Ағылшын журналисі Рубен Картер қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC промоушенінің келесі жекпе-жегінде америкалық Белал Мұхаммадпен кездесетінін хабарлады.

Картер твиттерде Рахмонов пен Мұхаммед арасындағы жекпе-жек 21 қазанға Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін UFC 294 турнирінде жоспарланғанын жазды.

Қазіргі уақытта Рахмонов промоушеннің жартылай орта салмақ рейтингінде алтыншы орында, ал америкалық үшінші орында тұр.

Айта кетейік, соңғы жекпе-жекте Шавкат Джефф Нилді қылқындыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңген болатын.