Талдықорған маңында көлік апатынан екі адам қаза тапты

Оқиға Талдықорған – Үштөбе айналма жолында болған.

Талдықорған маңында көлік апатынан екі адам қаза тапты.

 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Талдықорған – Үштөбе айналма жолында болған.

«Mitsubishi Pajero автокөлігі КамАЗ жүк көлігімен соқтығысты. Mitsubishi Pajero-ны 32 жастағы ер адам басқарған, ол жолаушысымен бірге оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ 34 жастағы әйел түрлі жарақатпен қалалық ауруханаға жатқызылды», – делінген хабарламада.