Астанада банктегі қызды кепілге алған күдікті екі айға қамауға алынды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты банкте адамды кепілге алған күдіктіге қатысты шешім шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«2023 жылы 20 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Әлихан Мурадовты 2 ай мерзімге қамауға алып, бұлтартпау шарасын санкциялады», – деп жазылған ресми хабарламада.

Бұған дейін Астана қаласында банкте болған дүрбелең туралы жазған болатынбыз.