Астана маңындағы өртті сөндіру жалғасуда

Өрт сөндіруді ТЖ министрі Сырым Шарипханов өз бақылауында ұстауда.

Өрт сөндірушілер Астана маңындағы құрғақ шөптің өртенуін сөндіруді жалғастыруда.

«Елордалық ТЖД, сондай-ақ Ақмола және Қарағанды облыстарының келген өрт сөндірушілер 80 гектар аумақтағы өртті сөндіруді жалғастырып жатыр. ​Өрт басталғалы бері авиация 74 рет көлемі 222 тонна су ағызды. Өртті сөндіруге қазіргі уақытта барлығы 172 адам, 46 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды», - деп жазды ведомстводан.

Өрт сөндіруді ТЖ министрі Сырым Шарипханов өз бақылауында ұстауда.