Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

Екі кәмелеттік жасқа толмаған бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді

Қарағанды облысында жол көлік оқиғасынан 6 адам қаза тапты.

20  маусым күні сағат 18.15 шамасында республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург тас жолында, Қарағанды қаласына 20 шықырым жетпей Toyota Camry  және Nissan автокөліктері соқтығысты.

Жол көлік оқиғасының салдарынан 6 адам, оның ішінде екі көліктің жүргізушілері алған дене жарақаттарынан оқиға орынында қайтыс болды. Екі кәмелеттік жасқа толмаған бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.