Әлихан Смайылов өзекті мәселені талқылау үшін Әзербайжанға барды

Премьер-министр Әлихан Смайылов Әзербайжан Республикасына ресми сапармен барды.

Қазақстан Үкіметі басшысын Баку әуежайында Әзербайжан Премьер-Министрінің орынбасары Әли Ахмедов пен Әзербайжан Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Әлім Байел қарсы алды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сапар барысында Қазақстан Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездеседі. Сондай-ақ Әзербайжан Премьер-министрі Әли Асадовпен мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды. 

Атап айтқанда, көлік-логистика, сауда-саттық, энергетика, аграрлық сектор, IT және өнеркәсіптік кооперация салаларындағы бірлескен қадамдар қарастырылады.