Малғұндар, маралдың обалына қалғырлар: Желіде кер маралдың қанын ішкендердің видеосы тарады

Әлеуметтік желіде кер маралдың қанын ішкен әлдекімдердің видеосы тарады. Видеодан мүйізі кесіліп, дірілдеп тұрған жануардың қанына стақан тосып жатқан бір топ ер адамды байқауға болады, – деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Белгілі журналист Нұрбек Бекбау да видеоны Instagram парақшасында бөлісіп, жазба жариялады. 

"Қай бабаң қан ішіп еді? Кер марал байғұс дір-дір етіп шошып тұр, ал мынау адамдар сорғалаған қанға стақан тосып мәз. Пайдалы болса, пайдалы шығар? Бірақ обал дегенді білу керекпіз ғой... Кәпір қытай боп кеттік пе, не пәлі?!!", – деп жазды ол.

Аталмыш видео желі қолданушыларының да ашу-ызасын тудыруда. 

 "Жануарға қатыгездік жасау бойынша қылмыстық іс қозғау қажет. 316-бап", "Малғұндар, Аллаһ бұлардың тірлігін реттесін. Ана бейшара маралдың обалына, қарғысына қалсын", "Оңбағандар, жануардың обалына қалдыңдар" деп жазды олар.