Орамал таққан Кәмшат Жолдыбаева араб тілін үйреніп жүр

Жуырда орамал тағып, жабық киіне бастаған белгілі әнші Кәмшат Жолдыбаева араб тілін үйреніп жүргенімен бөлісті. Ол бұл туралы желідегі парақшасында жазды.

“Қымбатты ағайын, қайырлы таң! Менде апта араб тілі сабағынан басталып жатыр. Нұр-Мүбәрак университетіне келіп отырған жайым бар. Зуль-Хиджа айы кіріп жатыр. Бұл ай тек игі амалдарға, ғибадатқа толы болсын. Жаңа апталарыңыз жаңа жеңіске, қуанышқа толы болсын”, – деді Жолдыбаева.