26 маусымда бірнеше өңірде жауын жауады

Жетісу облысында, Алматы, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында және Қызылорда облысының орталығында өрт қаупі жоғары.

Қазақстанның барлық аумағы атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болғандықтан, жаңбыр жауады, республикамыздың шығысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады.

"ҚР территориясының басым бөлігі солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, жауын-шашынды ауа райы сақталып, елдің солтүстігінде, түнде оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, күн күркірейді, қатты жаңбыр жауады. Тек республикамыздың батысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстік-шығыста, солтүстікте, орталықта бұршақ жауады, дауыл тұрады, түнде және таңертең солтүстік, шығыс өңірлерде тұман түседі", – деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының орталығында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, батысында, Қызылорда облысының шығысында, Ақтөбе , Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, Павлодар қаласының орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында, Алматы, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында және Қызылорда облысының орталығында өрт қаупі жоғары.