Қазақстан ФИФА рейтингінде жоғары көтерілді

Ұлттық құрама еуропалық турнирге іріктеу кезеңінде қатарынан үш рет жеңіске жетті.

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) ресми сайты Қазақстан ұлттық құрамасының жетістіктерін айтты.

Ұлттық құрама рейтингтің жаңартылған нұсқасы бойынша 112-орыннан 104-орынға көтерілді.

«Аргентина көш бастап тұр, Армения мен Қазақстан айтарлықтай көтерілді», – деп жазылған ФИФА мақаласында, басты суретте Қазақстан құрамасы.

Бұған дейін ұлттық құрама еуропалық турнирге іріктеу кезеңінде қатарынан үш рет жеңіске жетіп, Н тобында көш бастап тұр.