Павлодарда жаяу жүргіншіні қағып кеткен трамвай анықталды

Павлодарда жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты.

Оқиға 29 маусым күні сағат 22:27 шамасында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Polisia.kz-тің дерегінше, Мәшһүр Жүсіп – М.Горький көшесінің қиылысында трамвай жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Оқиғадан кейін жүргізуші апат орнынан кетіп қалған.

Осы факті бойынша полиция ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Трамвай анықталды, тексеріліп, мөрленді.

Фото: transphoto.org