UFC турнирі: Дамир Ысмағұлов америкалық файтерден жеңіліп қалды

Лас-Вегастағы UFC турнирінде қазақ файтері Дамир Ысмағұлов екі раундтың нәтижесі бойынша, америкалық Грант Доусоннан жеңіліп қалды.

2 шілдеге қараған түні Лас-Вегаста Дамир Ысмағұлов пен Грант Доусонның жекпе-жегі өтті. Жеңіл салмақ бойынша рейтингіде 12-орындағы қазақ файтері Дамир Ысмағұлов жекпе-жектің екі раундында да ұтылды. Судьялар қабылдаған шешім осындай болды.

Бұл – Ысмағұловтың ММА кәсіби лигасындағы үшінші жеңілісі.

Америкалықтың бұл жеңісі кәсіби мансабындағы 20-сы болды.