Қазақстан қор биржасында доллар бағамы төмендеді

Ұлттық банктің 3 шілдедегі ресми бағамы жарияланды.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,13 теңгеге төмендеп, 1 доллар 448,13 теңге болды.

Ұлттық банктің 3 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 449, 33 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 449 теңге, сатып алу – 451 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 446,5 теңгеден болса, сатып алу – 450,5.

Ресей рублі 4,97 – 5,21 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 3 шілде күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,17 теңге болды.