Ақтауда су арнасынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылды

Полицияда бұл дерек ҚР ҚК 105-бабымен суицидке дейін жеткізу бойынша тіркелді.

Ақтаудың іргесіндегі каналдан 21 жастағы Валерия Шальнованың денесі табылды, – деп хабарлады inbusiness.kz.

Қыздың туыстары қыз суицид жасады деген дерекпен мүлде келіспейді. «Қызды қасақана өлтіріп, суицидке теліп отыр. Қылмысқа қызғаныш себеп болуы мүмкін», – дейді олар. 

Марқұмның әпкесі Каролина Шальнова қайғылы оқиға болған күнгі жағдайды айтты. Валерия оқыды, жұмыс істеді және болашаққа жоспары көп еді дейді. Бірақ Азим атты жас жігітпен кездесіп, ол қызға қол жұмсауға дейін барып жүрген көрінеді.

«Қаралы күні отбасында ешқандай қақтығыстар болған жоқ, қыздың көңіл күйі жақсы болды және оның мінез-құлқында оғаштық байқалмады. Кафеде тазалаушы болып істеген. Ол үйден шығып, сағат 00:00 шамасында жұмысқа кетті. Онда Азиммен кездескен. Ол оны қудалап, үйге алып кетуге уәде беріп, кетіп қалады. Қыз достарымен бірге өзі жиі баратын жылқы қораға бармақ болып, бастықтан рұқсат сұраған. Осының бәрін досына жазып, қораға баратынын хабарлаған. Бейнекамераларда кафеге сағат 00:00-де кіріп, шамамен 02:30-да шықты. Бұл кезде қасында Азим жоқ еді. Ол қайда кеткені белгісіз», – дейді Каролина Шальнова.

Дос қыздармен хат алмасудан алынған ақпаратқа сәйкес, Валерия сағат 03:36-да бейтаныс жігітпен кездескенін хабарлаған.

«Ол досына: «егер Азим сұраса, менің қайда екенімді білмеймін деп айт» деген. Бірақ досы Азимге телефон соғып, қыздың басқа жігітпен танысқанын айтып қойған. Бұл қызғанышқа негіз болды. Ол өте қызғаншақ. Үнемі аңдып жүрді, бақылап отырды, кіммен және қайда екенін тексерді, үнемі жанжал шығаратын еді. Бірнеше рет қол жұмсап, тұншықтырған, денесі көгерген кездер де болды. Біздің отбасымыз бұл қарым-қатынасқа қарсы шықты. Бірақ ересек адамға қалай әсер ету керек? Біз өздері ажырап кетеді деп ойлап жүрдік», – деді Каролина.

Досымен сөйлескеннен кейін Валерия Шальнованың байланыс үзілді. Оның денесі «МАЭК» кәсіпорнының жанындағы су арнасынан табылды. Каролина Шальнованың айтуынша, оны сол жерге әкеліп өлтірген. Оның денесін балықшылар тапты. Туыстарының ойынша, бұл суицид емес, өйткені қыз судан қатты қорқатын болған, ешқашан теңізге жалғыз бармапты. 

Жағада заттар ұқыпты бүктелген, қасында сөмкесі де тұрған, бірақ телефоны болмады. Ол кейінірек Азимнен табылған.

Кісі қолынан өлгенін анасы мен әпкесі өздеріне WhatsApp-қа жіберілген хабарламалардың уақыты да куә дейді.  

«Біз хабарламаны таңғы сағат 06:00-де алдық. Оның маған және анама ғана хат жазғаны таңғаларлық. Өйткені біз онымен өте сирек хат жазысамыз. Ол немере ағасымен күн сайын хат алмасады, бірақ оған ештеңе жібермеді, бұл мені күдіктендірді. Бірақ Азим менімен және анаммен ғана сөйлесетін еді. Менің ойымша, сондықтан да үйреншікті әдетімен екеумізге жазуды шешті. Жіберуші сағат 04:39 хабарламаны өшірген. Зерттеу нәтижелері бойынша өлім таңғы сағат 05:00-де болған. Ал соңғы хабарламалар сағат 06:00-де жіберілді. Жігіті оның телефонының құпия кодын білетін еді. Ол қызды су арнасына әкеліп, кетіп қалғанын айтты. Кейін қайтып келіп, таба алмапты. Бұл мүлдем бос сөз», – дейді туыстары. 

Валерия Шальнованың отбасы кісі өлтіруші өз таныстарын пайдалану арқылы қылмысын жауып тастайды деп алаңдайды. 

«Мен бір нәрсенің таза емес екенін бірден түсіндім. Қыздың денесінде зорлық-зомбылықтың іздері болды. Осыдан кейін Азимді кісендеп алып келді. Қыздың телефоны содан табылды. Марқұмның денесінен көгеру, мойнында көптеген іздер бар екен. Оны ұрып-соғып, өлім алдында мазақ еткені анық. Ол ештеңені мойындамады, полицияда байланысы бар. Мен жазадан құтылғанын қаламаймын. Соңғы кездері ол оны жаттықтырушыдан қызғанды, бізден оны залға жібермеуді сұрап, оны қорқытып жүрді. Біздің анамызға: "егер ол маған тимесе, ешкімге де жоқ" деп айтатын», – дейді Каролина Шальнова.

Полицияда бұл дерек ҚР ҚК 105-бабымен суицидке дейін жеткізу бойынша тіркелді.

Марқұмның отбасы бұл баппен келіспейді. Қасақана кісі өлімі бойынша тергеу жүргізілуін талап етуде. Олар кінәліні жауапқа тарту үшін бар күшін саламыз деп отыр.