Қазақстанда алдағы үш тәулікте 43 градусқа дейін ыстық пен жаңбыр күтіледі.
"Алдағы күндері елдің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді, найзағай ойнап, бұршақ жауады, екпінді жел болады. 8 шілдеде солтүстік-шығыс пен шығыста, 8-9 шілдеде республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.
Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады", – делінген жазбада.
Осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Бүкіл кезең бойына батыста, 9-10 шілдеде солтүстік-батыста, 10 шілдеде Қазақстанның орталығында +43 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі.
Азаматтық қорғау органдарының кезекші қызметтері жоғары дайындық режиміне көшірілді.