"Біздің қорғалушы осы видеодан өзіне қол көтергендерді таныды. Оны да осылай аяусыз соққыға жыққан. Бойжеткеннің айтуынша, қыздар оны ұрып-соғып, ер адамдарға сатамыз деп қорқытқан.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жәбірленуші талабымен істі мұрағатқа жіберілген.
Ауылдан келген қыздар осылай секс-құлдыққа тартылады. Алдымен оларды ұрып-соғады, қорқытады, сосын зорлайды, видеоға түсіреді, масқара деп қорқытады. Масқара болудан, тағы да ұрып-соғып, қорлаудан қорқып, қыздар өздерінен талап етілетіннің бәрін жасайды", – делінген жазбада.
Алматы қаласы Полиция департаменті өкілдері жарияланған видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомствода бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, Алмалы аудандық полиция бөлімінде тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Объектив мән-жайлар анықталып жатыр. Қазір іс жүргізу аясында кешенділік, толықтық және объективтілік қағидаттары қатаң сақтала отырып, қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Алматы қалалық Полиция департаментінің басқарма басшылығының бақылауында", – деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.