Қазақстанның азаматтық қорғау органдары жоғары дайындық режиміне көшті. Елде күн 43 градусқа дейін ысып, жаңбыр жаууы мүмкін, – деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
«Алдағы күндері елдің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына атмосфералық фронталды бөліктер әсер етеді, найзағай ойнап, бұршақ жауады күшті жел тұрады. Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Бүкіл кезең батыста, 9-10 шілдеде Солтүстік-батыста, 10 шілдеде Қазақстанның орталығында +43 дейін өте күн қатты ысиды деп күтіледі», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.