БҚО-да дала өртеніп жатыр

Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

9 шілдеде Теректі ауданы, Шалқар ауылдық округі аумағына қарасты Сарыөмір ауылынан 10 шақырым қашықтықта Егінсай және Кірпі дала учаскесінде өрт болды.
"Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. ТЖД базасында сағат 12:20-да жедел штаб ұйымдастырылды. Сағат 15:40-та дала өрті оқшауланды. Өртті сөндіруге өңірлік ТЖД-ның (16 адам және 4 техника), жергілікті атқарушы органның (25 ж/қ және 6 бірлік техника) жеке құрамы мен техникасы жұмылдырды", – деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі.