9 шілдеде сейсмологтар Алматыдан 266 шақырым жерде магнитудасы 4,8 балл болатын жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісі 9 шілде күні күндіз Алматы уақытымен 14:54-те тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Қытайда орналасқан.
Магнитудасы – 4,8 балл, тереңдігі – 10 шақырым. Жер сілкінісі сезілмеген.