Арман Жүдебаев Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Арман Әділханұлы Жүдебаев ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Алматы әуендері» МКҚК-да әртіс-аспапшы қызметінен бастаған.

2007-2009 жылдары  «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi» РМҚК домбыра тобының әртісі.

2009-2011 жылдары  «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ дирижерлеу кафедрасының оқытушысы.

2011-2013 жылдары  оқытушы; «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ домбыра кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы.

2013-2018 жылдары  «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi» РМҚК бас дирижері.

2018-2023 жылдары  «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ ректоры.

2023 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Бұған дейін осы лауазымды атқарған  Нұрғиса Мұратұлы  Дәуешов қызметтен босатылды.