Аптап ыстық, бұршақ, жел: 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" синоптиктері 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазгидрометтің мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн ыстық болады.

«Бүкіл кезеңде солтүстікте, орталықта, 11-12 шілдеде солтүстік-батыста, 12-13 шілдеде оңтүстікте, 13 шілдеде Қазақстанның оңтүстік-шығысында 43°С-қа дейін өте қатты ыстық болжанады», делінген хабарламада.

Болжам бойынша, республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күн ашық болады.