12 шілдеде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» мамандары ауа райына антициклон әсер ететінін хабарлады.

Батыс пен солтүстік-батыста атмосфералық фронт әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Республика бойынша екпінді жел, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. 

Түркістан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Павлодар облысының оңтүстігінде, солтүстігі мен орталығында, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының солтүстігі мен батысында өте қатты ыстық күтіледі.

Республиканың барлық аймағында өрт қаупі бар.