Жетісу облысында 42 жастағы әйелді айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды

Туыстарының айтуынша, Жаркент қаласында 42 жастағы әйел айуандықпен өлтірілген.

Жетісу облысы Панфилов ауданының орталығы Жаркентте 42 жастағы әйелді зорлап, өлтірген деген күдікті ұсталғанын хабарлады.

Полицияның мәліметінше, күдікті ұсталып, қазір тергеу жүріп жатыр.

«Заңда көзделген барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижесі бойынша күдіктінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріле отырып, іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – делінген Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

4 шілде күні түнгі сағат 00:00 шамасында дүкенге шыққан Элеонора Зипарованың өртенген мәйітін таңертең ауыл тұрғыны тауып алған. Үстіне киген киімдерін сол маңнан жинап алған жақындары, өлтірмес бұрын қаскөй оны зорлады деген ойда. Ал, сұмдық жағдайға кінәлі ретінде ұсталған күдікті де сол маңайда тұрады екен.