Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бұл – Қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль.

Қазақстандық жеңіл атлет Иван Иванов Таиланд астанасы Бангкокта жеңіл атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

Бұл сында үндістандық Сингх Тур Тажиндерпал ядросын 20.23 метрге итеріп, чемпион атанса, ирандық Сабери Мехди (19.98) күміс жүлдеге қол созды.

Иванов 19.87 метр нәтижемен қола медальді жеңіп алды.

Айта кетерлігі, бұл – Қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль.