Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлап өлтірген ер адамның суреті тарап жатыр

Желіде Түркістан облысында бес жасар қызды зорлап өлтірген ер адамның суреті пайда болды.

Ер адамның аты-жөні – Гайибназаров Сайдолим Рихсибаевич. 1975 жылы туған (48 жаста).

Кісі өлтіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды өлтіру) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті 2006 жылы кісі өлтіргені үшін сотталған. 2023 жылдың мамыр айында жанжалда спирттік ішімдік ішіп отырып, ауылдасын балтамен ұрғаны үшін сотталған.

Бұған дейін Түркістан облысында ауыл тұрғынының 5 жасар қызды айуандықпен өлтіргені белгілі болған. Әлеуметтік желіде күдіктіні полициядан қайтарып алуға тырысқан бір топ ер адам шыққаны туралы видео тарап жатыр.

Т