Атырауда 4 көлік соқтығысып, 2 адам қаза тапты

Атырауда төрт автокөлік соқтығысып, екі адам қаза тапты.

Бұл туралы Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді.

15 шілдеде Баймұханов көшесінде сағат 15:25 шамасында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда Daewoo мен Youtong маркалы автобустары мен Toyota Camry және Hyundai Elantra автокөліктері соқтығысты.

Оқиға салдарынан Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза болды және жасөспірім жолаушы Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Өзге көлік құралдарының жолаушыларына жедел-жәрдем қызметкерлері медициналық көмек көрсетті.

Қазір тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, іс-құжаттар жинақталып жатыр.