22 жастағы студент пациенттер мен мүгедек балаларды қорлаған

Сотқа дейінгі тергеу аяқталған.

Медициналық оқу орны студентінің хоспис пациенттері мен мүгедектігі бар балаларды қорлау фактісі анықталды. Бұл туралы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді.

«Іс бүгінде соңғы сатыда. Нәтижелері бойынша қорытынды процессуалдық шешім қабылданатын болады. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Сонымен қатар, күдіктінің адвокаты материалдармен бір ай бойы танысып жатыр. Бас прокуратурамен байланыстамын, іс менің бақылауымда. Меніңше, мұндай іс-әрекеттер заңның бар қатаңдығымен қарастырылуы керек», – деп жазды Динара Зәкиева Facebook парақшасында.