Көлік ұрлаған бақташы жол апатына ұшырады

Ол рульге ие бола алмаған.

Қарағандыда көлік ұрлаған бақташы жол апатына ұшырады. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық Полиция басқармасына таңертең ауылда жол апаты болғаны туралы хабарлама түсті. 

Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді. Полицейлер 23 жастағы көлік жүргізушісінің көлікті басқара алмай, апатқа ұшырағанын анықтады. Жүргізуші қашып кетпек болған жерінен ұсталды.  Ол қожалықта бақташы болып жұмыс істейді. Ішімдік ішіп, қалаға барып келу үшін қожалық иесінің көлігінің кілтін ұрлап алып, көлікті айдап кеткен. Алайда межелі жерге жетпей, жол апатына түскен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі – 8,5 млн теңге. 

Аталған дерек бойынша ҚК-нің 200-бабы 3-тармағына сәйкес іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.