Шетелден келген қазақ: Достықтың қадірін Қазақстанда білдім

IQanat қоры «Отандастар» КЕАҚ-пен бірге бірлесіп, 8 елден келген 176 этникалық қазақтың басын қосты.

«Жас қазақ» жазғы оқу лагеріндегі басқосу 1-14 шілде аралығында Бурабайдағы IQanat орта мектебінде өтті. 

«Отандастар» қоры жеңімпаз балалардың басын қосты. Мақсат – балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру және академиялық пен шығармашылық дағдыны дамыту. Ол үшін үйірмелер мен секциялар ұйымдастырылды. Оның ішінде  ұлттық қолөнер, ағаш өндеу, қазақ биі, актерлік шеберлік, садақ ату, керамика, эбру, қазақ әндері, волейбол, футбол және қазақ күресі бар. 

Балаларға кешкі уақытта Щучье көлінің маңында велосипед тебу және треккинг ұйымдастырылды. Бурабай ұлттық саябағына экскурсиялар, бағдарлау бойынша жарыстар мен танысуға ықпал ететін түрлі іс-шаралар және тимбилдинг өткізілді. 

Екі апта бойы 8 орда (студенттер қауымы) үздік атағын сарапқа салды. Хор додасы (Қазақ патриоттық ән байқауы), командалық спорт түрлерінен спартакиада, бейнероликтер байқауы «Дәлме-дәл» және бағдарлау бойынша жарыс бар.  Жеңімпаз көк орда «Отандастар» қоры атынан медальдармен марапатталды. 

 

Қазақстан тарихы мен қазақ тілі бойынша академиялық сабақтар қатысушылардың оқу, жазу, ана тілінде сөйлеу, сонымен қатар қазақтардың мәдениеті мен тұрмысының ерекшеліктерін білу және де ең бастысы, тарихи Отаны туралы білімдерін тереңдей түсуге ықпал етті. Мұғалімдер оқытудың интерактивті әдістерін белсенді түрде қолданды, бұл сабақтарды қызықты және танымды жасады. 

Лагерь қатысушылары алған әсерлерімен бөлісті. Ираннан келген Павиз Пуя: «Осында біз қазақтың салт-дәстүрімен, қазақ күресі  және ана тілімен таныстық. Біз бұл достарды ешқашан ұмытпаймыз. 14 күнде 14 мыңдаған қызықты және ұмытылмас сәттер болды», – деді. 

АҚШ-тан келген Аят Давлетияров: «Бұл менің тарихи туған жерге бірінші рет келуім. Осы 14 күн ішінде мен қазақ тілінің көптеген жаңа сөзі мен ережесін білдім. Сөйлемді қалай бастау керектігін үйрендім және сөздік қорым жетілді. Ең бастысы, қазақ тілімді жетілдірдім. Мүмкіндік болса, мен міндетті түрде Қазақстанға қайта келемін», – деді. 

Моңғолиядан келген Сержан Ташкентқызы: «Мен достық, сыйластықтың қадірін осы жерден білдім. Әсіресе, алыс жерде тұрғанда, ұлтқа және этникалық Отаныңыздың құндылығын түсінемін. Тарих пәнінен өткен сабақтар өте қызықты болды, менің ойымша, әрбір бала өзінен жаңа бір нәрсені аша алды». 

IQanat қоры 100-ден астам қамқоршыға алғыс білдіреді. Қамқор кәсіпкерлер қолдауының арқасында оқушыларға арналған республикалық білім жобалары ұйымдастырылды. Ұйым басқа кәсіпкерлерді осындай IQanat қорының қамқоршылары сияқты маңызды миссияға қосылуға шақырады.