Түркістанда басқарма басшысының орынбасары 10 миллион теңге пара алғаны үшін ұсталды

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Түркістан облысында басқарма басшысының орынбасары 10 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Бизнеске жол» жобасын іске асыру аясында Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол мемлекеттік органдарды ақпараттандыру және цифрландыру қызметтерін көрсетуге, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқаны үшін 10 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Шарттың жалпы сомасы – 280 млн теңге. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағы  1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.