Жетісу облыстық ТЖД басшысы қамауға алынды

Антикор оның сыбайлас жемқорлыққа қатысы барын айтты.

Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қамауға алынды, – деп хабарлайды Антикор.

«Біз оның сыбайлас жемқорлыққа қатысы барын растаймыз. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Антикор өкілі сәлден соң толық ақпарат жарияланатынын айтты.